Жеке деректерді өңдеуге қатысты саясат
-
Жалпы ереже
- 1.1. Осы жеке адамның деректерін өңдеу саясаты "Жеке сипаттағы ақпарат туралы" Қырғыз Республикасының 2008 жылғы 14 сәуірдегі Заңының талаптарына сәйкес жасалды және "БАҚ қолдау орталығы" қорының (бұдан әрі – Оператор) жеке деректерді өңдеу тәртібі мен жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды.
- 1.2. Оператордың өз қызметін жүзеге асырудың маңызды мақсаты мен шарты адамның және азаматтың жеке деректерін өңдеу кезінде, оның құқықтары мен еркіндігін сақтау, соның ішінде жеке өмірге қол сұғылмаушылықты, жеке және отбасылық құқықтарын қорғау болып табылады.
-
Саясатта қолданылатын негізгі түсініктер
- 2.1. Оператордың жеке деректерді өңдеуге қатысты осы саясаты (бұдан әрі – саясат) Оператордыңhttps://mediasabak.org веб-сайтына кірушілер туралы алатын барлық ақпаратына қолданылады.
- 2.2. Жеке деректерді бұғаттау – жеке деректерді өңдеуді уақытша тоқтату (жеке деректерді нақтылау үшін өңдеу қажеттілігі болған жағдайды қоспағанда);
- 2.3. Веб-сайт –https://mediasabak.orgжелілік адресі бойынша ғаламтор желісінде олардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін графиктік және ақпараттық материалдардың, сонымен қоса ЭЕМ-ның бағдарламалары мен деректер базасының жиынтығы;
- 2.4. Жеке деректердің ақпараттық жүйесі – деректер базаларында баржеке деректердің және оларды өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдардың жиынтығы;
- 2.5. Жеке деректерді иесіздендіру — нәтижесінде қосымша ақпаратты пайдаланбай жеке деректердің нақты бір пайдаланушыға немесе жеке деректердің өзге субъектісіне тиесілі екендігін анықтау мүмкін емес болатын іс-әрекеттер
- 2.6. Жеке деректерді өңдеу – жеке деректерге, оларды жинауды, жазуды, жүйелеуді, құрастыруды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды, пайдалануды, беруді (таратуды, ұсынуды, қол жетімді етуді), иесіздендіруді, бұғаттауды, өшіруді, жоюды қоса алғанда, автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай жасалатын кез келген іс-әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы;
- 2.7. Оператор – жеке немесе басқа тұлғалармен бірлесіп жеке деректерді өңдеуді ұйымдастыратын және (немесе) жүзеге асыратын, сондай-ақ жеке деректерді өңдеу мақсаттарын, өңдеуге жататын жеке деректердің құрамын, жеке деректермен жасалатын іс-әрекеттерді (операцияларды) айқындайтын заңды немесе жеке тұлға;
- 2.8. Жеке деректер-https://mediasabak.org веб-сайтының белгілі бір немесе анықталған пайдаланушысына тікелей немесе жанама қатысы бар кез келген ақпарат;
- 2.9. Пайдаланушы - https://mediasabak.org веб-сайтының кез-келген пайдаланушысы
- 2.10. Жеке деректерді беру – белгілі бір адамға немесе белгілі бір адамдар тобына жеке деректерді ашып беруге бағытталған іс-әрекеттер;
- 2.11. Дербес деректерді тарату – жеке деректерді белгісіз адамдар тобына таратуға (жеке деректерді беруге) немесе шектеусіз адамдар тобының жеке деректермен танысуға беруге, оның ішінде жеке деректерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға, ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде жазуға немесе жеке деректерге қандай да бір өзге тәсілмен жария етуге бағытталған кез келген іс-әрекеттер;
- 2.12. Жеке деректерді трансшекаралық тарату – жекедеректерді шет мемлекеттің аумағына шет мемлекеттің билік органына, шетелдік жеке немесе шетелдік заңды тұлғаға беру;
- 2.13. Жеке деректерді жою – нәтижесінде жеке деректер жеке деректердің ақпараттық жүйесінде қайтадан әрі қалпына келтіру мүмкін болмайтындайқайтарымсыз жойылатын және (немесе) жеке деректердің материалдық жеткізгіштері жойылатын кез келген іс-әрекет;
-
Оператор пайдаланушының төмендегідей жеке деректерін өңдей алады
- 3.1. Электрондық адрес;
- 3.2. Телефон нөмірлері
- 3.3. Жинақталған медиакоиндар
- 3.4. Туған жылы, айы, күні және туған жері
- 3.5. Сондай-ақ сайтта ғаламтор-статистика сервистерінің (Яндекс Метрика және Гугл Аналитика, т.б.) көмегімен келушілер туралы иесі жоқ деректерді жинау және өңдеу жүргізіледі (оның ішінде "cookie" файлдары).
- 3.6. Жоғарыда аталған деректер бұдан әрі Саясат мәтінінде Жеке деректер жалпылама түсінігіне біріктірілген;
-
Жеке деректерді өңдеу мақсаты
- 4.1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу мақсаты – азаматтық-құқықтық шарттарды жасау, орындау және тоқтату; Пайдаланушыға https://thismywebsite.com веб-сайтында қамтылған сервистерге, ақпараттарға және/немесе материалдарға қол жетімділік ұсыну; Тапсырысты егжей-тегжейлі нақтылау.
- 4.2. Сондай-ақ Оператор Пайдаланушыға жаңа өнімдер мен қызметтер, арнайы ұсыныстар мен әртүрлі іс-шаралар туралы хабарлама жіберуге құқылы. Пайдаланушы info@mediasabak.org электрондық поштасына "Жаңа өнімдер мен қызметтер және арнайы ұсыныстар туралы хабарламалардан бас тарту" белгісімен Операторға хат жіберу арқылы ақпараттық хабарламаларды алудан әрдайым бас тарта алады.
- 4.3. Интернет-Статистика сервистерінің көмегімен жиналатын Пайдаланушылардың иесіздендірілген деректері Пайдаланушылардың сайттағы әрекеттері туралы ақпарат жинау, сайттың сапасын және мазмұнын жақсарту үшін қызмет етеді.
-
Жеке деректерді өңдеудің құқықтық негіздері
- 5.1. Оператор Пайдаланушының жеке деректерін https://mediasabak.org сайтында орналасқан арнайы үлгіні Пайдаланушы өз бетінше толтырған және/немесе жіберген жағдайда ғана өңдейді. Тиісті нысандарды толтыра отырып және/немесе өзінің жеке деректерін Операторға жібере отырып, Пайдаланушы осы Саясатпен келісетінін білдіреді.
- 5.2. Оператор Пайдаланушы браузерінің баптауларында рұқсат етілген жағдайда Пайдаланушы туралы иесіздендірілген деректерді өңдейді ("cookie" файлдарын сақтау және JavaScript технологиясын пайдалану қосылған).
-
Жеке деректерді жинау, сақтау, беру және өңдеудің басқа да түрлерінің тәртібі. Оператор өңдейтін жеке деректердің қауіпсіздігі жеке деректерді қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарын толық көлемде орындау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды іске асыру жолымен қамтамасыз етіледі.
- 6.1. Оператор жеке деректердің сақталуын қамтамасыз етеді және өкілетті емес тұлғалардың жеке деректерге қол жеткізуін болдырмайтын барлық мүмкін шараларды қабылдайды.
- 6.2. Қолданыстағы заңнаманы орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушының жеке деректері ешқашан, қандай жағдай болса да үшінші тұлғаларға берілмейді.
- 6.3. Жеке деректер дұрыс азылмағандығы анықталған жағдайда, Пайдаланушы «Жеке деректерді өзектендіру"белгісімен Операторғаinfo@mediasabak.org электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы оларды өз бетінше жаңарта алады.
- 6.4. Жеке деректерді өңдеу мерзімі шектеусіз болып табылады. Пайдаланушы кез келген сәтте Операторға "Жекедеректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу"белгісімен info@mediasabak.orgэлектрондық поштасына хабарлама жібере отырып, жеке деректерді өңдеуге берген өзінің келісімін қайтарып ала алады.
-
Жекедеректердітрансшекаралық беру
- 7.1. Оператор жеке деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асыруды бастағанға дейін жеке деректерді беруді жүзеге асыру көзделетін шет мемлекеттің аумағында жеке деректер субъектілерінің құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз ететініне көз жеткізуі міндетті;
- 7.2. Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін шет мемлекеттердің аумағында жеке деректерді трансшекаралық беру жеке деректер субъектісінің оның жеке деректерін трансшекаралық беруге жазбаша түрде келісімі болған жағдайда және/немесе Жеке деректер субъектісі болып табылатын тарап шартты орындаған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін;
-
Қорытынды ереже
- 8.1. Пайдаланушы Операторға info@mediasabak.org электрондық поштасы арқылы хабарласып, өзінің жеке деректерін өңдеуге қатысты қызықтыратын мәселелер бойынша кез келген түсініктеме ала алады;
- 8.2.Бұл құжатта Оператордың жекедеректерді өңдеу саясатының кез келген өзгерістері көрсетіледі. Саясатоны жаңа нұсқаменауыстырғанға дейіншектеу сізмерзімде әрекететеді;
- 8.3. Саясаттың өзекті нұсқасына адрес бойыншағаламтор желісінде еркін қол жеткізуге болады;