Медиасауатты бол!

RU KG KZ TJ UZ

Қор туралы

«БАҚ-ты қолдау көрсету орталығы» қоры – кез келген ақпаратқа, әсіресе Ғаламтордағы ақпараттарға сыни көзқараспен қарай білу маңыздылығын әрбір адам түсінгенін қалайтын коммерциялық емес ұйым. Әрбір адам өзіне: "Шынымен де осындай ма?» деген сұрақ қойғанын қалайды. Әр адам насихатты ажырата білуін, әркімнің өз пікірі болғанын көздейді. Ғаламторды оқу және өзін-өзі дамыту үшін қолданғанын қолдайды. Әркім өз уақыты мен ресурстарын ақылмен басқарғанын, шын мәнінде маңызды нәрсеге назар аударғанын қалайды.

Міне, 18 жыл бойы Қырғызстандағы «БАҚ-ты қолдау орталығы»" қоры МАС-ты ел және Орталық Азия деңгейінде белсенді түрде дамытуды жалғастыруда. Қор бірқатар жобаларды жүзеге асырады, оның ішінде Қырғызстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қырғыз білім Академиясымен әріптестікте жүзеге асырылатын "Медиасабақ: ҚР мектептегі білім беру жүйесінде медиа және ақпараттық сауаттылықты дамыту" жобасы бар.

Жоба аясында ҚР БҒМ "Мұғалім үшін МАС бойынша ресурстық кітап" әзірленіп, сынақтан өткізілді және ұсынылды. Кітап жарыққа шығарылып, Қырғызстанның барлық мектептеріне таратылды. Сонымен қатар, Қор www.mediasabak.org көптілді (орысша, қырғызша, тәжікше және қазақша) оқыту порталын әзірледі, ол анимациялық және видео сабақтардан, тәжірибелік жаттығулардан, МАС бойынша тестілер мен әдебиеттен тұрады. Оқыту сайты үнемі МАС бойынша контентпен толықтырылады.

Қор өз жұмысын елімізде 2002 жылдан бастап бастады және 2002 жылдың соңында ҚР Әділет министрлігінде ресми тіркеуден өтті. Сол кезден бастап "БАҚ қолдау орталығы" Қоры Қырғызстанда сөз бостандығын дамытуға, сондай-ақ Қырғызстанның мектепте білім беру жүйесінде медиа ақпараттық сауаттылықты дамытуға ықпал етуді жалғастыруда.

Медиа сауаттылықты дамыту саласындағы жетістіктері үшін Қор ЮНЕСКО-ның медиа және ақпараттық сауаттылық саласындағы халықаралық сыйлығының жеңімпазы атанды. Сыйлық әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 170 үміткер елдің ішінде төрт елге беріліп, медиа сауаттылықтың Жаһандық апталығына ұштастырылды. Халықаралық сыйлық комитеті Медиа Ақпараттық Сауаттылық бойынша Серіктестердің Ғаламдық Қауымдастығының (GAPMIL) мүшелерінен құралды. Бұл қауымдастыққа 110-нан астам елдің 500-ден астам ұйымы мүше.

Қордың Миссиясы

Біз Қырғызстанда сөз бостандығын дамытуға және Қырғызстанның мектептегі білім беру жүйесінде медиа ақпараттық сауаттылықты дамытуға үлес қосамыз.

Қордың Мақсаты

Біз коммерциялық емес ұйымбыз, яғни біздің мақсатымыз – пайдалы білім беру жобаларын дамыту.